«Алпыс жылдан астам тарихы бар мәдениет пен өнердің қара шаңырағының қызметі биыл жаңа қарқынмен басталды. Ұйымның байырғы гастрольдік сапарларын жаңғыртатын жаңа жобаның тұсауы кесіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі моноқалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тапсырмаларына сәйкес, «Қазақконцерт» ұжымы 2022-2025 жылдарға арналған жоспары бойынша ел аумағындағы барлық моно-қалалардың тұрғындары үшін қолжетімді, сапалы мәдени шығармаларды ұсынуға кірісті», деді Роза Бағланова атындағы республикалық «Қазақконерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.
ҚР Президенті өзінің 2022 жылдың наурызындағы Қазақстан халықына жолдауында Қазақстанда жаңадан үш облыстың ашылатыны туралы мәлімдеген болатын. Қазақстанның өнер мекемелерінің арасында еліміздің бас концерттік ұйымы жаңа Абай облысының жұртшылығын құттықтауға алғашқылардың бірі болып шықты.
Сондай-ақ шығармашылық ұжымның гастрольдері ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және облыстардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» имидждік жобасының аясында сәтті өтті.